Жергілікті билік "Ресей соғысты тоқтатпайынша, шектеудің алынбайтынын" мәлім етті.
ERNUR.KZ. Латвияның электрондық БАҚ жөніндегі ұлттық кеңесі тағы 80 ресейлік телеарнаны қара тізімге енгізді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бұл шешім 9 маусымда күшіне енеді. Ресей соғысты тоқтатпайынша, шектеу алынбайды", – деп кеңестің басшысы Иварс Аболиньш.
Атап айтқанда, Е TV, Иллюзион+, "Кино 24", "Мир ТВ", "Охота и рыбалка", "Перец", "Русский Иллюзион" телеарналарына қарсы санкция жарияланды.
1 наурыздан бастап Латвия аумағында "МИР-24" және RTVI телеарналарының көрсетілімі тоқтатылды.