Уганда заң шығарушылары ЛГБТ өкілдеріне қарсы ең қатал заңдардың бірін мақұлдады.
ERNUR.KZ. Уганда заң шығарушылары ЛГБТ өкілдеріне қарсы ең қатал заңдардың бірін мақұлдады, оған сәйкес бір жынысты қарым-қатынас үшін адамдар өлім жазасына кесіледі, ал ЛГБТ деп танылған адамдар 20 жылға дейін түрмеге жабылады, деп жазады stan.kz.
Елде бір жынысты қатынастар бұған дейін де заңсыз болып, бас бостандығынан айырылған. Енді жаза қатаңдай түсті.
Заң жобасына сәйкес, өлім жазасы бір жынысты баланы, психикалық немесе физикалық кемістігі бар адамдарды келісімсіз немесе мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық әрекеттерге қатысты қолданылады.
"Заң жобасының мақсаты – біржыныстағы қарым-қатынастың кез келген түріне тыйым салу немесе дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әртүрлі мәдениетімізді, сенімімізді қорғау", – деді депутат.