Тіркелген ауа температурасы 1981 жылы болған ыстықтан асып түскен.
ERNUR.KZ.Португалияның астанасы Лиссабонда сенбі күні сынап бағанасы 44 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап.
Тіркелген ауа температурасы 1981 жылы болған ыстықтан асып түскен. Сол жылы қаладағы сынап бағанасы 43 градусты көрсетіпті.
Португалиядағы ең ыстық аудан – Алвега. Мұнда сенбі күні сынап бағанасы 46,8 градусқа дейін көтерілген.