Бұл туралы елдің мәдениет министрі Мұхаммед Мұртада мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Al Wataniya ұлттық агенттігі хабарлағандай, министр жан-жақты зерттеуден кейін "Барби" фильмі гомосексуализм мен трансгендерлікті насихаттайтындықтан Ливанда қалыптасқан моральдық және діни құндылықтар мен принциптерге қайшы келетінін айтқан, деп жазады inbusiness.kz.
"Сонымен бірге ол әкенің қамқорлығынан бас тарту, ананың рөлін кемсіту және келемеждеу сияқты жағымсыз идеяны уағыздайды, некеге тұру және отбасын құруға күмән келтіреді, сонымен қатар оларды өзін-өзі жеке тұлға ретінде дамытуға кедергі ретінде көрсетеді, әсіресе әйелдер үшін", делінген.
Министрдің айтуынша, фильм көрсетілген жағдайда, Ливан балалары мен жастарына кері әсер ететін еді. Мұртада фильмге ел аумағында тыйым салу үшін қажет шараның бәрін қабылдауға шақырды.