Денсаулық сақтау ұйымы жағдайды бақылауда ұстау үшін шаралар қолдануда.
Фото: Рен ТВ
ERNUR.KZ. Ливанның денсаулық сақтау министрлігі елде тырысқақ жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Ndtv.com таратқан деректерге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Әбдінәсір Әбубәкір елдің оңтүстігінен солтүстігіне үдере қашқан жүздеген мың босқындардың есебінен тырысқақтың таралу қаупі өте жоғары деп отыр.
"Ливанның солтүстігінде халқы екпе алмаған ауданда тырысқақ жұқтыру дерегі тіркелді. Елдің оңтүстігінен бассауғалап қашып келіп жатқан жүздеген мың адамның есебінен аурудың таралу қаупі өте жоғары", - деді ол.
Айтуынша, ұйым жағдайды бақылауда ұстау үшін шаралар қолдануда.