Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын.
ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко сәрсенбі, 3 маусым күні кешке үкіметті отставкаға жіберді, деп жазады sputniknews.kz.
Беларусь президенті үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс туралы аптаныңбасында хабарлады. Дүйсенбі күні президент әкімшілігі және қауіпсіздік кеңесі жетекшілері, парламенттің екі палатасының өкілдерімен отырыс өткізді. Жиында кандидатуралар талқыланған.
Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын.
Беларусь елінің заңнамасына сәйкес, премьер-министрді президент тағайындайды. Алайда депутаттар қолдауы тиіс. Егер Румас өзінің орнында қалып, вице-премьер немесе министрлер ғана ауысатын болса, депутаттардың кандидатураны мақұлдауы қажет болмайды.
Парламент палаталарының алдағы отырысы 4 маусымда өтеді.