Лукашенко Беларусь Украинадағы "арнайы операцияға" қатысып жатқанын растады

0
499

Беларусь президенті Украина Беларусь шекарасына 15 мыңға дейін әскери қызметшілер тобын тартып, бақылау-өткізу пункттері мен атыс позицияларын инженерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жол тосқауылдарын орнатқанын айтты.


Лукашенко Беларусь Украинадағы

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь Украинадағы "арнайы әскери операцияға" қатысып жатқанын растады, деп жазады tengrinews.kz.

"Украинадағы арнайы әскери операцияға қатысуымызға келетін болсақ, біз оған қатысып жатырмыз. Біз мұны жасырмаймыз. Бірақ біз ешкімді өлтірмейміз. Біз әскерімізді ешқайда жібермейміз. Біз өз міндеттемелерімізді бұзбаймыз", - деді ол әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жиында.

Оның айтуынша, бұл - қақтығыстың Беларусь аумағына таралуын болдырмау.

"Екіншіден, Польша, Литва және Латвия тарапынан арнайы әскери операция деген желеумен Белоруське соққы жасауға жол бермеу. Жаңа айтқанымдай, Беларусь аумағынан ресейліктерге ешкім оқ атпайды. Міне, қатысу дегенім осы.
Иә, емдеп жатырмыз. Қажет болса, адамдарды емдедік. Иә, адамдарды тамақтандырып жатырмыз. Тек ресейліктерді ғана емес. Босқындарды, кедейлерді, күніне Украинадан келетін 400-500 адамды тамақтандырамыз. Оларды қалай тамақтандырмаймыз, оларды қалай емдемейміз? Бұл біздің осы әскери операцияға қатысуымыз. Басқаша жоқ және болмайды", - деді Лукашенко.

Беларусь президенті Украина Беларусь шекарасына 15 мыңға дейін әскери қызметшілер тобын тартып, бақылау-өткізу пункттері мен атыс позицияларын инженерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, жол тосқауылдарын орнатқанын айтты.

"Бір сөзбен айтқанда, тосқауыл қойып қана қоймай, қабырға тұрғызды. Үнемі біздің аумаққа, әскерлерге, нысандарға оптикалық, радиоэлектрондық, радиотехникалық барлау жүргізеді. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарымен мемлекеттік шекара сызығын жиі бұзады. Сонымен қатар, "Беларусь соғысқа қатыспаса болар еді" деп уайымдап, үрейленеді", - деді Александр Лукашенко.

Сонымен қатар, Лукашенко Беларуське мобилизация жариялаудың қажеті жоқ, бірақ ресейлік тәжірибені ескеріп, әскери қызметке жауаптыларды тіркеу және соған сәйкес запастағы жауынгерлерді дайындау жұмыстарын ұйымдастыру қажет екенін айтты.