Лукашенко Беларусьте азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенеді

0
743

Минскіде наразылық білдірушілер жиналатын аулалар республикада азамат соғысының басталу орны болуы мүмкін.


Лукашенко Беларусьте азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенеді

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко елде азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Лукашенконың айтуынша, Минскіде наразылық білдірушілер жиналатын аулалар республикада азамат соғысының басталу орны болуы мүмкін.

"Минскіде зират секілді мемориалдар құрудың қажеті қанша? Біріншіден: зираттар мен мемориалдар тұрғындарға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Радикализация процесі басталды, мұны бәрі атап өтті және бұл аулалар төбелесу орнына айналуы мүмкін - айналды да. Біреулер фашистердің лентасын тағып кетеді, біреулер мұны жақтырмай алып тастайды, төбелес басталады. Негізгі мақсат - бұл қарсыласу пунктерінде радикализация жалғаса берсе, шетелден және өзімізден де адамдар қосылып, қолына қару алып, оны азамат соғысының басталуына айналдырғысы келеді", - деді ол.

Басылым өткен аптада Минск ауруханаларының бірінде 31 жастағы Роман Бондаренко қайтыс болғанын атап өтті. Ол белгісіз адамдармен төбелесіп, жарақат салдарынан көз жұмған.