81 жастағы актриса 21 қазаннан бері хабарсыз кеткен.
ERNUR.KZ. Атақты "Бриллиантовая рука" фильмінің жұлдызы Светлана Светличнаяға туыстары іздеу салды. 81 жастағы актриса 21 қазаннан бері хабарсыз кеткен, деп жазады exk.kz.
Мk.ru басылымының жазуынша, актрисаның жоғалып кеткені туралы хабарды полицияға туыстары жеткізген. Олардың айтуынша, актриса 4 күннен бері хабарласпай қойған.
Танымал тұлға бұған дейін түсірілім кезінде басынан жарақат алғанын айта кетейік. Содан бері оның басы жиі ауыратын болған және ұмытшақтық дертіне шалдығуы да мүмкін.