Миланда сән апталығы онлайн түрде өтті

0
2 708

Апталықта әлемге аты шыққан сән үйлерінің жаңа көктем-жаз топтамасы ұсынылды


Миланда сән апталығы онлайн түрде өтті

ERNUR.KZ. Миландағы дәстүрлі сән апталығы биыл онлайн өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есесіне көрсетілімді қашықтан тамашалай алған көрермен қатары артты. Апталықта әлемге аты шыққан сән үйлерінің жаңа көктем-жаз топтамасы ұсынылды. Фешн индустияның өкілдері онлайн режимнің арқасында алдағы уақытта сатылым көлемі артады деп үміттенеді. Мәселен, жер жаһанды жайлаған пандемияның салдарынан бұл сала біраз қаржылық қиыншылыққа тап болған еді. Ең көп зардап шеккен – Қытай мен Италия. Бұған дейін Италия өз өнімдерін экспорттау бойынша әлемде екінші орында тұрса, бүгінде оның сатылымы 30 процентке құлдырады.