Минералды судың қаупі айтылды

0
1 169

Бұл туралы ресейлік дәрігер-диетолог Елена Соломатина мәлімдеді.


Минералды судың қаупі айтылды

ERNUR.KZ. Минералды суды шамадан тыс көп пайдалану денсаулыққа қауіп төндіріп, бірқатар аурулар тудыруы мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Маманның айтуынша, минералды судың үш түрі ажыратылады: минералды ас суы, емдік-ас минералды суы және емдік минералды суы. Олар құрамындағы тұздың концентрациясына байланысты ажыратылады. Ас суында үш граммға дейін, емдік-ас түрінде үштен он грамға дейін, ал емдік минералды суда толық он грамм тұз мөлшері болады екен. Бұған қоса минералды сулар сутекті көрсеткішке орай бөлінеді.

Ресейлік сарапшы минералды ас суын көп мөлшерде - күніне екі литрге дейін іше беруге болатынын айтты. Бірақ минералды судың емдік түрін пайдаланғанда абай болған жөн. Оны тек ішқұрылыс, ұйқыбез, бауыр, зәр шығару жүйесінің аурулары және подагра, гастрит, асқазан жарасы секілді дерт кезінде ішкен дұрыс.

"Құрамында кальцийі көп минералды суларды шамадан тыс ішу бүйректегі тастың жиналуына алып келеді", - дейді дәрігер.

Сонымен қатар тұзы көп минералды суды көп ішу гиперкальциемия, тромбтардың түзілуі мен аритмияға соқтырады.