Митингке шыққандар премьер-министрге тас лақтырды (видео)

0
587

​Үкімет басшысы зардап шеккен жоқ.


Митингке шыққандар премьер-министрге тас лақтырды (видео)

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Белгісіз біреулер Онтарио провинциясында өткен сайлауалды митингтен кейін Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдоға тас лақтырды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Трюдо митингтен кейін автобусқа қарай бара жатқан тұста оған бір топ адамның ішінен әлдекімдер осылайша шабуыл жасамақшы болған.

Тастардың біразы Трюдоға, қалғаны күзетшілерге тиген. Премьер-министр дін аман. Бұған дейін де Либералды партия көшбасшысы қатысқан шараларда наразылық танытқандар болған.Оның саясатын қолдамайтын азаматтар, соның ішінде Канада Халық партиясының жақтастары Трюдомен кездесуге келіп, мәжбүрлі вакциналауға қарсы шығып, канадалықтардың құқығы мен бостандығының сақталуын талап еткен.