ERNUR.KZ. Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігі жақын арада Қазақстанда дипломатиялық өкілдік ашу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.
Moldova1 қоғамдық телеарнасында Михай Попшой жаңа елшіліктің ашылуы Молдоваға Орталық Азия елдерімен және Молдовамен жақсы серіктестік қарым-қатынас орнатқан Қазақстанмен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Біз қазір Қазақстанда елшілік ашу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Онда Молдова Республикасының Орталық Азия елдері үшін өзінің дипломатиялық өкілдігі болады. Біздің Қазақстанмен ежелден келе жатқан тарихи байланысымыз бар. Мұнда молдаван диаспорасы бар, молдовандар румын тілінде сөйлейді», - деді Молдова премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрлігінің басшысы.
Ол Молдованың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды саналатын Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстардың үлкен қоры бар екеніне назар аударды.
«Қазақстан Республикасының Молдова экономикасына – мұнай өнімдері нарығының операторы Rompetrol және біздің елімізде бірқатар құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысатын басқа да компанияларға тікелей инвестициялары бар», - деп атап өтті Михай Попшой.
Молдова Сыртқы істер министрі Молдованың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерін кеңейту перспективасы туралы айта келе, 2025 жылы Мысырда елшілік ашу ісін бастауға ниетті екенін айтты.