Алып асқабақ 68 жастағы Уцуномияның екінші жеңісі.
ERNUR.KZ. Эхимо префектурасының фермері Хироёси Уцуномияның салмағы 410,3 келі асқабағы жексенбіде өткен байқауда Жапонияда өсірілген ең үлкен асқабақ ретінде танылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл 68 жастағы Уцуномияның екінші жеңісі. Бір қызығы, ол асқабақты Моцарт әуенінің көмегімен өсірген.
2018 жылы салмағы 412, 6 келілік асқабақты өсіріп, бірінші рет жеңіске жеткен шаруа оны Жапонияның дәстүрлі «энка» балладалары арқылы баптағанын айтқан еді.
Байқауға қатысқан тоғыз префектураның 51 қатысушысы арасынан екінші орынды елдің шығысындағы Тиба префектурасының тұрғыны Акира Нисикава еншіледі. Оның асқабағы 385 келі тартты, ал үшінші орын – орталық Жапонияның Мие префектурасының тұрғыны Тошиаки Сиракиге бұйырды (334 келі).
Айта кетер жайт, Сето ішкі аралында өткізілген 34-ші шараның қатысушылары COVID-19 пандемиясына байланысты бұл жолы асқабақтарды байқауға әкелмей, олардың бейнежазбаларын ұсынған.