Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші жол апатынан қайтыс болды

0
667

Суретшінің жариялаған карикатурасы мұсылман әлемінде наразылық толқынын тудырған болатын.


Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші жол апатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші Ларс Вилкс пен оның күзетшілері жол апатынан қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

SVT телеарнасының хабарлауынша, суретшінің көлігі жүк көлігімен соғысқан. Екі көлік те өртеніп, өртті сөндіру кезінде жол бірнеше сағат бойы жабық болған. Тек жүк көлігінің жүргізушісі аман қалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген екен.

Оқыс оқиғаның қалай болғанын әзірге айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту керек, - деді полиция өкілі Рикард Лундквист.

2007 жылдың 18 тамызында Nerikes Allehanda басылымында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жарияланғаннан кейін Швеция БАҚ-тары Ларс Вилкс жайлы жаза бастады. Содан кейін суретшіні қорқытушылар көбейіп, Вилкске полицияның күзеті қойылды.

Кейін 2005 жылы басқа суретші Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын Данияның Jyllands-Posten басылымында жариялап, дау-дамай қайта туындады. Жарияланған карикатура мұсылман әлемінде наразылық толқынын тағы тудырған болатын.