​Мың бұралып сексуалды би билеген әжей жұрттың жағасын ұстатты (видео)

0
1 806

Ол жұрттың қаңқу сөзі мен сынап-мінегеніне мән бермейді.


​Мың бұралып сексуалды би билеген әжей жұрттың жағасын ұстатты (видео)

ERNUR.KZ. 65 жастағы әжей ерекше ермегінің арқасында 25 келіге арықтаған, деп жазады sputniknews.kz.


Новосібір қаласында тұратын зейнеткер Светлана Мирошкина сексуалды би билегенде жас қыздардан кем түспейді: шестпен төбеге дейін көтеріліп, басымен төмен қарай салбырап тұра алады, тіпті шпагат та жасай біледі. Стрип-платсиканы меңгерген ол жоғары қан қысымы дертінен айығып қана қоймай, артық салмақтан да құтылды.

5 жыл ішінде әйел 25 келіге арықтап, қиын трюктерді үйренген.

Әлеуметтік желіде стрип-пластика бишісінің көздің жауын алатын суретін көріп, шестте би билеуге қызығушылығы оянған екен.

Светлана жұрттың қаңқу сөзі мен сынап-мінегеніне мән бермейді. Ең бастысы, немерелері дән риза, әжелерін мақтан тұтады.