Netflix Уилл Смит ойнайтын фильмді түсіруден бас тартты

0
1 268

Актердің марапаттау рәсіміндегі қылығынан кейін Netflix жобаны ысырып қойды.


Netflix Уилл Смит ойнайтын фильмді түсіруден бас тартты

ERNUR.KZ. Netflix стриминг қызметі Уилл Смит "Оскар" рәсімінде жүргізуші Крис Рокты ұрып жібергеннен кейін актер түскелі жүрген Fast and loose картинасын түсіруден бас тартты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Оскар" сыйлығын табыстаудан бір апта бұрын режиссер Дэвид Лейтч Netflix жоспарлаған "Форсаж" фильмінің режиссері болудан бас тартқан еді. Онда Уилл Смит басты рольде ойнайды. Оның орнына Fall Guy-ге ауысты. Universal түсіретін бұл фильмде Райан Гослинг басты рольде, түсірілім тамызда басталуы керек.

Осылайша Netflix шұғыл түрде "Оскар" иегері ойнайтын кинокартинаға басқа режиссер іздейді. Бірақ актердің марапаттау рәсіміндегі қылығынан кейін Netflix жобаны ысырып қойды.

Қазір Смит түскен Apple+ стриминг қызметінің "Эмансипация" драмасы постпродакшн сатысында. Фильм 2022 жылға жоспарлаған еді, бірақ нақты қашан шығатыны белгісіз. Apple түсінік беруден бас тартты. "Плохие парни 4" фильмі де тоқтап тұруы мүмкін. Дайындық кезеңіндегі бірнеше басқа жобалар да түсірілімді ысырып қоюы мүмкін.

Еске салайық, "Оскар" рәсімінде актер Крис Рокты әйелі Джада Пинкетт-Смит туралы әзілі үшін шапалақпен ұрып жіберді. Комик сахнада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісі туралы айтқан болатын. Ол ауруға шалдығып, бір жыл бұрын шашын алып тастаған. Кейін Уилл Смиттің өзі "Оскар" кешіндегі мінез-құлқы үшін кешірім сұрады.