Ойын кезінде қарсыласының көзін шұқып алды

0
1 310

Команда шабуылшысының көзінен қан аққан


Ойын кезінде қарсыласының көзін шұқып алды

ERNUR.KZ. Ағылшын премьер лигасы кезінде "Тоттенхэм" командасының футболшысы қарсылас "Ливерпуль" командасының шабуылшысы Роберто Фирминоның көзін саусағымен шұқып алды, деп жазады sputniknews.kz.

Ойынның 70-ші минутында футболшы Ян Вертонген көзін шұқып алғаннан кейін форвард алаңнан кетуге мәжбүр болды. Футболшы көпке дейін көзін ұқалап отырады. Оны хавбек Джордан Хандерсон алмастырды. "Ливерпуль" командасының жаттықтырушысы Юрген Клопп әзірге бұл жарақаттың қаншалықты ауыр екенін білмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, Фирминоның көзінен қан аққан.

"Мен бұл жағдайды алыстан бақыладым. Бірақ Фирмино үшін жайсыз жағдай болғаны сөзсіз", — деді Клопп.

"Ливерпуль" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Фирмино жеңіс добын соқты. "Қызылдар" бес матчта бес рет жеңіске жетіп ағылшын премьер лигасында көш бастап келеді.