Өкпелі азамат жерлестерін көлігімен қағып өлтірді

0
1 425

Оқиға салдарынан үш адамға дейін қаза тапқан болуы мүмкін


Өкпелі азамат жерлестерін көлігімен қағып өлтірді

фото:NUR.KZ.

ERNUR.KZ. Ресейде он адамды көлігімен қаққан қырғызстандық азамат мас күйде болмаған. Ол өз жерлестеріне қатты ренжігендіктен осындай әрекетке барғанын айтқан, деп жазады NUR.KZ.

Айта кетейік, осыған дейін Мәскеуде Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі жолаушылар жолағында бір топ адамды қағып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Новочеркасск желекжолындағы кафелердің бірінде отырған бір топ азамат өзара келісе алмай қалады. Олардың ішінде біреуі ренжіп, сыртқа шығады. Ол өзінің жерлестерін кафе маңында күтіп, шыққан бойда көлігімен қағып кеткен.

Ресейлік БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан үш адамға дейін қаза тапқан болуы мүмкін. Ал басқалары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Бекжан Сарбишев атты көлік жүргізушісіне қатысты қазір тергеп текесру амалдары жүргізілуде.