Оңтүстік Кореяда жергілікті тұрғын 14 адамды жаралады

0
970

Екі адам қазір хал үстінде жатыр. Полицияның хабарлауынша, шабуылшы тұтқындалды.


Оңтүстік Кореяда жергілікті тұрғын 14 адамды жаралады

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея астанасы Сеул маңында жергілікті тұрғын 14 адамды жаралады. Солардың бесеуін ол көлікпен қағып, тоғызын сауда орталығының ішінде пышақтаған, деп жазады zakon.kz.

Екі адам қазір хал үстінде жатыр. Полицияның хабарлауынша, шабуылшы тұтқындалды.

Ал жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары күдікті 20 жастағы ер адам, оның психикалық ауруға шалдыққанын жарыса жазуда.

Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын дәл осындай шабуылдан Сеулде 1 адам қаза тауып, үшеуі жараланды.