Өзбекстан 9 мамырда әскери парад өткізбейді

0
664

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, елде әскери парад былтыр да, оның арғы жылы да өткен жоқ.


Өзбекстан 9 мамырда әскери парад өткізбейді

ERNUR.KZ. Өзбекстан қорғаныс министрлігі Идеология және тәрбие жөніндегі бас басқарма басшысының орынбасары Ойбек Мамадәлиев 25 сәуірде Ташкенттегі баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді, деп жазады azattyq.org.

9 мамыр Өзбекстанда "Жеңіс күні" емес, "Еске алу және құрмет күні" екенін еске салған подполковник Мамадалиев биыл бұл күні қарт кісілерге құрмет көрсетуді көздейтін шаралар өтетінін айтты.

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, елде әскери парад былтыр да, оның арғы жылы да өткен жоқ.

Мұның алдында Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері биыл 9 мамырда әскери парад өтпейтінін мәлімдеген.