Аураға шалдыққандардың басым көпшілігі ел астанасында анықталған.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырудың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.
Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 маусымда елде коронавирус жұқтырудың 476 жаңа жағдайы (бір күн бұрын – 442) және осы аурудан болған екі өлім жағдайы тіркелген.
Аураға шалдыққандардың басым көпшілігі ел астанасында анықталған. Мұнда 135 адам коронавирус жұқтырған.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырушылардың тұрақты өсімі байқалады.
Қазіргі уақытта медицина мекемелерінде 3452 науқас коронавирустан емделіп жатыр.