Өзбекстанда үнді дәрісінен 65 бала көз жұмды: сот басталды

0
497

Іс Ташкент қалалық сотында қаралады.


Өзбекстанда үнді дәрісінен 65 бала көз жұмды: сот басталды

ERNUR.KZ. Бүгін Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратының кесірінен 65 баланың көз жұмуынақатысты іс бойынша сот басталады, деп жазады sputnik.kz.

"Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысы 11 тамызға белгіленген. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша 21 адам сотталады", - делінген хабарламада.

Олардың арасында Quramax Medikal компаниясының директоры, Үндістан азаматы,Өзбекстанның Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры бар", - деп толықтырды агенттік.

Айыптау қорытындысында "Док-1 Макс" препаратымен байланысты бірқатар қылмыстың жасалуы салдарынан 65 баланың қаза тапқаны айтылған.
Іс Ташкент қалалық сотында қаралады.