​Өзбекстандықтар 5000$ тұратын жарғанаттың ұясы үшін тау-тасты кезіп кетті

0
5 194

Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде жарғанаттың ұясын өткізіп 5-10 мың АҚШ доллары арасында табыс табуға болатыны жайлы қызу пікір-талас жүруде.


​Өзбекстандықтар 5000$ тұратын жарғанаттың ұясы үшін тау-тасты кезіп кетті

ERNUR.KZ. Өзбекстандық табиғат қорғаушылар әлеуметтік желідегі алаяқтардың «мыңдаған долларға жарғанаттың ұясын сатып аламыз» дегеніне сеніп осынау сүтқоректілердің өмір сүру ортасын жойып жіберу қаупі туындап отырғанына алаңдаулы, деп жазады ca-news.org.

Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде жарғанаттың ұясын өткізіп 5-10 мың АҚШ доллары арасында табыс табуға болатыны жайлы қызу пікір-талас жүруде. Жарғанаттың ұясын тапқандар видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге салып жатыр.

Ташкенттік «Живая планета» жануарларды қорғау қоғамының белсендісі Анастасия Ташилова сүтқоректілердің ұясына қатысты өзінің пікірін білдірді. Ол барша жұртты бұл өтірікке сенбеуге және табиғатты қорғауға шақырды.

«Осындай мәнсіз өтірік ақпаратқа сеніп адамдар жарғанаттардың ұясын бұзып жатыр. Оларға сенбеңіздер, ол алаяқтардың ойлап тапқаны. Салдарынан сүтқоректілер зардап шегіп жатыр», - дейді Ташилова.

Желі қолданушыларының кейбірі жарғанаттың ұясынан дәрі жасайтынын алға тартып жазуда.

Жарғанаттар – еркін ұша алатын әлемдегі жалғыз ғана сүтқоректі. Ғылымда оның ұясын қатерлі ісікті емдейтін дәрі жасауға пайдаланатын ешбір дерек кездеспейді.

Тек қана Гонконгта жарғанат ұясынан сорпа дайындайтын ғана дерек бар. Сондай-ақ, Латын Америкасында жарғанаттың саңғырығын тыңайтқыш жасауда қолданады екен. Уикипедия мәліметінше, Guano жарғанат саңғырығының бір келісі 1,5-3 АҚШ доллары тұрады.