Өзбекстанға АҚШ-тан 3 миллион доза Moderna вакцинасы жеткізілді

0
2 389

Атаулы вакцина - Америка Құрама Штаттарында қолданылатын негізгі 3 вакцинаның бірі.


Өзбекстанға АҚШ-тан 3 миллион доза Moderna вакцинасы жеткізілді

ERNUR.KZ. Өзбекстанға COVAX бағдарламасы аясында АҚШ-тан коронавирусқа қарсы 3 миллион 60 доза Moderna вакцинасы жеткізілді, деп жазады ҚазАпарат.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, АҚШ-тың Алабама штатынан әкелінген Moderna вакцинасының 3 миллион 60 дозасы Өзбекстанға көмек ретінде берілген.

Атаулы вакцина - Америка Құрама Штаттарында қолданылатын негізгі 3 вакцинаның бірі. Сондай-ақ, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметтері бойынша, Moderna вакцинасының тиімділігі 94 пайыздан жоғары болып, COVID-19 инфекциясын жояды.

ДДСҰ сарапшылар тобы вакцинаның вирусқа қарсы 94,1 пайыз тиімді екенін айтып, оны 18 жастан асқан халықтың барлық тобына ұсынған. Бұл вакцинаны қарапайым тоңазытқышта да сақтауға болады. Осы екпенің, екі дозасын 28 күндік аралықпен қабылдаған адам толық емделген болады.

Осылайша, Өзбекстандағы вакцинаның жалпы қоры 12 миллион 580 мың 60 дозаны құрады.

Олардың:

370 мың доза Спутник V,

710 мың доза AstraZeneca,

8,5 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,

3 миллион 60 доза Moderna вакцинасы.