Пайдаланушы деректерін жариялағаны үшін Twitter 150 млн доллар айыппұл төлейді

0
562


Пайдаланушы деректерін жариялағаны үшін Twitter 150 млн доллар айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Америка билігі бұл әлеуметтік желі қолданушыларды жеке деректеріне қатысты жаңылыстырып келді деп отыр. Оқиға 2013 жылдың мамырынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін созылды, деп жазады zakon.kz.

"Twitter 150 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті", – деп хабарлады АҚШ Әділет министрлігі мен Федералдық сауда комиссиясы.

АҚШ билігінің талап-арызына сәйкес, Twitter әкімшілігі пайдаланушыларды жеке деректерді пайдалану туралы жаңылыстырған.

Осылайша әлеуметтік желі қолданушылардың телефон нөмірлері мен электрон пошта мекенжайларын пайдаланды. Олар деректерді таргетинг, жарнама үшін бөліскен. Әңгіме 140 миллионнан астам Twitter пайдаланушысы туралы болып отыр.

Әлеуметтік желінің әкімшілігі айыппұл төлеп қана қоймай, пайдаланушы деректерін қорғау шараларын қолдануға міндетті болады.