Қаза болғандардың қатарында 326 бала бар.
ERNUR.KZ. 14 маусымнан бері Пәкістанда нөсер жаңбырдың салдарынан қаза тапқандар саны 903 адамға жетті. Бұл туралы климаттың өзгеруі жөніндегі министр Шери Рехман Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
Қаза болғандардың қатарында 326 бала бар.
Рехман апаттың салдарынан мыңдаған адам үйлерінен кетуге мәжбүр болғанын хабарлады. Ол елдегі жағдайды "гуманитарлық дағдарыс" деп атады.
Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф тұрғындарды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесуге шақырды.
Шарифтің айтуынша, көмек көрсету және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру үшін жүздеген миллиард рупий қажет.