Полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан үйсіз адамды құтқармағаны үшін жұмыстан шеттетілді

0
603

Полиция ешқандай шара қолданбаған. Керісінше “мен сенен кейін суға түспеймін" деп айтқан.


Полиция қызметкерлері суға батып бара жатқан үйсіз адамды құтқармағаны үшін жұмыстан шеттетілді

ERNUR.KZ. Аризона штатында суға батып бара жатқан баспанасыз адамды құтқармағаны үшін үш полиция қызметкері қызметінен босатылды, деп жазады Stan.kz.

Камера түсірілімдерінде 34 жастағы Шон Бикингстің Темпе-Таун көліне секіргенін, содан кейін полициядан көмек сұрағаны көрсетілген. Алайда полиция ешқандай шара қолданбаған. Керісінше “мен сенен кейін суға түспеймін" деп айтқан.

Ер адам суға батып кетіп қайтыс болғанын дәрігерлер анықтады. Қала билігі оның өлімін трагедия деп атады.

Оқиға 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы 5-тер шамасында болған. Қала орталығында ер адам мен оның серігі арасында төбелес болды деген болжам бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Қала билігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, екі күдікті де араларында төбелес болғанын жоққа шығарып, полициямен ынтымақтасқан.

Полицейлер төбелеске қатысушылардың бұрын құқық бұзушылықтары бар-жоғын тексере бастаған. Осы кезде Бикингс көлді қоршап тұрған темір қоршаудан асып, суға секірген.

Ол көлге шомылуға тыйым салынғаны туралы ескертулерге қарамастан, көпірге дейін жүзіп баратынын айтқан.

Қала билігі әңгіменің қалған бөлігінің стенограммасын жариялады. Онда Бекингс суға батып кете жаздағанын қайталап, құтқаруды сұрайды. Хаттамаға сәйкес полиция Беакингстің жүйкесін жұқартқан серігін тыныштандыруға тырысып, оған қайықты қазір аламыз деп уәде берген.

"Ол көз алдыңызда батып бара жатыр, ал сіз ештеңе істемейсіз!" – деп серігі полицейлерге айқайлады.

Оқиғаға қатысы бар үш полицейдің аты-жөні жарияланған жоқ. Олардың ақылы әкімшілік демалыста екені белгілі. Бұл істі Аризона қоғамдық қауіпсіздік департаменті мен көршілес полиция департаменті қарастыруда.