Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.
ERNUR.KZ. Қолайсыз ауа-райы еуропалықтарды да әбігерге салды. Францияда су тасқынынан 200 адам оқшауланса, Польшада дүлей дауылдан 5 адам қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен ағаштар автокөліктерге құлап, көліктің ішіндегі жолаушылар ауруханаға жетпей жан тапсырды.
Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.