Қазақ тағамдары әлемнің үздік 100 асханасының қатарына енді

0
143

Жаңа рейтинг бойынша еліміздің ұлттық асханасы 94-ші орынға тұрақтап, 3.9 орташа балл ұпаймен бағаланған.


Қазақ тағамдары әлемнің үздік 100 асханасының қатарына енді

ERNUR.KZ. Қазақтың ұлттық тағамдары әлемнің үздік асханалары қатарына енді, деп жазады baq.kz.

TasteAtlas халықаралық гастрономиялық платформасы жариялаған “100 Best Cuisines in the World” рейтингінде Қазақстан 94-орынға ие болды. Осылайша, қазақ тағамдары әлемнің үздік 100 ұлттық асханасы қатарына енді.

Жаңа рейтинг бойынша еліміздің ұлттық асханасы 94-ші орынға тұрақтап, 3.9 орташа балл ұпаймен бағаланған. Өткен жылы Қазақстан бұл тізімде 90-орында болған. Биылғы сәл төмендеуіне қарамастан, ұлттық тағамдарымыздың әлемдік танымалдығы артып келе жатқаны байқалады.

TasteAtlas сарапшылары ұлттық асханаларды бағалауда тағамдардың сан түрлілігіне, жергілікті өнімдердің сапасына және ұлттық ерекшеліктерге басымдық берген.

Қазақ асханасындағы ең үздік тағамдар қатарында шұжық, бауырсақ, кеспе, лағман, ет (бесбармақ), қазы-қарта, шелпек, тоқаш, жал-жая, майпалау бар.

Сонымен қатар, ең жоғары баға алған өнімдер қатарында құрт пен сары май тұр.

TasteAtlas Қазақстан бойынша Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында ұлттық тағамдарды ұсынатын үздік мекемелерді де атап көрсеткен.

Қазақтың бай дастарханы тек тағам емес, тұтас ұлттың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін құндылық. TasteAtlas рейтингінде орын алу — бұл әлемдік қауымдастықтың қазақ асханасын мойындауының көрінісі.