Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылған жоқ

0
611

"Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожинге қарсы қозғалған қарулы көтеріліс туралы бап бойынша қылмыстық іс тоқтатылған жоқ және ФҚҚ тергеуін жалғастыруда.


Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылған жоқ

ERNUR.KZ. "Коммерсант" газетінің дереккөзіне сенсек, әзірге іс бойынша басқа шешім қабылдауға әлі ерте, деп жазады inbusiness.kz.

"Евгений Пригожинге қатысты қарулы көтерілісті ұйымдастыру туралы бап (Қылмыстық Кодекстің 279-бабы) бойынша қылмыстық іс тоқтатылған жоқ және Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының тергеушісі тергеуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Басылымның сұхбаттасушысының айтуынша, Пригожинге қарсы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы әлі жойылған жоқ және көтерілісті тергеу жалғасуда. Іс бойынша өзге шешім қабылдауға әлі ерте.