​Психотерапевтер балаға айтуға болмайтын сөздерді атады

0
2 206

Мамандар бетімен кеткен балаларға айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасады.


​Психотерапевтер балаға айтуға болмайтын сөздерді атады

ERNUR.KZ.Британиялық психотерапевтер Хизер Турджеон мен Джули Райт ата-аналарға бала тәрбиесінде кез келген қиындықты жеңуге көмектесетін арнайы оқу құралын шығарды, деп жазды sputniknews.kz.

Бұл оқулықта мамандар ерке балаларға ешқашан айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасаған. Өйткені ол сөздер балалардың мінез-құлығын нашарлатып, ата-ана мен бала арасындағы байланысқа кедергі келтіруі мүмкін.

Сонымен, мына сөздерді балаңызға айтушы болмаңыз:

∙ Олай істеме деп қанша рет айттым?

∙ Қанымды ішіп біттің ғой!

∙ Неге тыңдамайсың?

∙ Жылама деймін, кішкентай баласың ба?!

∙ Өйткені мен айттым, бітті!

∙ Қазір дереу сөндірмесең, бүгін тәттіден құр қаласың!

Сонымен қатар, Турджеон мен Райт ата-аналарға арналған арнайы әдістеме дайындады, оны ALP деп атап, үш кезеңге бөліп қарастырған (attune, limit set and problem solve – оқу, шекараны анықтау және проблеманы шешу).