Путин бейбітшілік қашан орнайтынын айтты

0
632

Путиннің айтуынша, бұл "Украинаны денацификациялау, демилитаризациялау және оның бейтарап мәртебесін" қамтитын мақсат.


Путин бейбітшілік қашан орнайтынын айтты

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин арнайы әскери операция туралы сұраққа жауап беру кезінде "алға қойған мақсаттарымызға жеткенде ғана бейбітшілік орнайды" деп мәлімдеді. "Біз өз мақсаттарымызға жеткенде бейбітшілік орнайды. Осы мақсаттар туралы айтсақ, олар өзгермейді", - деді Ресей президенті. Путиннің айтуынша, бұл "Украинаны денацификациялау, демилитаризациялау және оның бейтарап мәртебесін" қамтитын мақсат, деп жазады sputnik.kz.

Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын және тікелей желі өткізіп жатыр.
Сонымен қатар ол мобилизациялаудың екінші толқынының қажеттілігі жоқ екенін айтты.
"Ішінара мобилизациялау кезінде 300 мың адамды жұмысқа тартылды. Осыдан кейін билік келісімшарт негізінде әскери қызметкерлерді қабылдауға көшті. Күні кеше 486 мың адам әскери қызметке кірісті. Отанын қорғауға дайын ер адамдар легі азаймады. Күн сайын республика бойынша әскери комиссариаттарға 1,5 мың ерікті келеді", - деді Путин.
Путин сондай-ақ бірінші толқын кезінде әскерге жұмылдырылғандардың еңбегін жоғары бағалап, қазірдің өзінде олардың 14-і Ресей Батыры атанғанын айтты.
Қазіргі уақытта 244 мың адам қақтығыс аймағында болса, 41 мың адам шекті жасқа жетуіне, денсаулығына және басқа да себептерге байланысты зейнетке шыққан.
Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын және тікелей желі өткізіп жатыр