Ресей мен Беларусь Еуропалық сауда-өнеркәсіп палаталарының қауымдастығынан шығарылады

0
327

ЕО мен АҚШ түрлі санкцияларды енгізуден басқа, Минск пен Мәскеуді әртүрлі халықаралық ұйымдардың құрамынан шығаруға ұмтылады.


Ресей мен Беларусь Еуропалық сауда-өнеркәсіп палаталарының қауымдастығынан шығарылады

ERNUR.KZ. Беларусь пен Ресей Еуропалық сауда-өнеркәсіп палаталарының қауымдастығынан шығарылмақшы. Бұл туралы латвия сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы және АЕТПП президентінің орынбасары Айгарс Ростовскис мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресей мен Беларусь Еуропалық сауда палатасының мүшелері. Біз оларды осы құрамнан шығару процесін бастаймыз", - деді ол.

Оның айтуынша, процестің барлық қиындықтарына қарамастан, екі ел жақын арада сауда палатасынан шығарылады, өйткені олардың саясаты еуропалық принциптерге сәйкес келмейді. Ростовскис сонымен қатар қауымдастықтың кезекті отырысында бұл мәселеде жетістікке жетеді деп сенеді.

Батыс елдері соңғы бірнеше жылда Ресей мен Беларуське қатысты қатаң саясат жүргізіп келеді. ЕО мен АҚШ әртүрлі санкцияларды енгізуден басқа, Минск пен Мәскеуді әртүрлі халықаралық ұйымдардың құрамынан шығаруға ұмтылуда.