Ресей төрт күндік жұмыс режиміне көшу мәселесін қарастырып жатыр

0
905

Еңбекақыны сол күйінде сақтай отырып, жұмыс уақытын қысқарту қызметкердің денсаулығын қорғауға, еңбек өнімділігі мен еңбекке деген қабілеттілігін арттыруға, жеке және кәсіби тұрғыда дамуына, отбасылық міндеттерін атқаруға, спортпен шұғылдануға, демалу үшін уақыт табуға көмектеседі.


Ресей төрт күндік жұмыс режиміне көшу мәселесін қарастырып жатыр

ERNUR.KZ. Ресейдің Еңбек министрлігі үкіметке төрт күндік жұмыс аптасын енгізу бойынша зерделенген есепті ұсынды. Министрліктің баспасөз қызметі мұндай өзгерістер ел экономикасы үшін белгілі бір қауіп-қатерді тудырады, бірақ сонымен бірге оның жағымды жақтары да бар екенін айтады, деп жазады Zakon.kz.

Сонымен жұмыс аптасын тағы бір күнге қысқарту, мысалы, еңбек шығындарының, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ол өз кезегінде тауардың өзіндік құнын өсіріп, халықтың қалтасын қағатын болады. Сонымен қатар, еңбекақыны сол күйінде сақтай отырып, жұмыс уақытын қысқарту қызметкердің денсаулығын қорғауға, еңбек өнімділігі мен еңбекке деген қабілеттілігін арттыруға, жеке және кәсіби тұрғыда дамуына, отбасылық міндеттерін атқаруға, спортпен шұғылдануға, демалу үшін уақыт табуға көмектеседі.
Тұтастай алғанда, Еңбек министрлігі бұл мәселені Ресейдің Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының алдында одан әрі зерделеуді және талқылауды қажет етеді деп санайды. Сондықтан осы комиссия аясында мәселені зерделеу үшін арнайы жұмыс тобын құру жоспарлануда.
Росстаттың мәліметінше, 2018 жылы Ресейдегі орташа жұмыс аптасы 37,8 сағатты құрады. Бұл халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыс аптасы 40 сағатқа созылатын дамыған елдердің орташа деңгейіне сәйкес келеді, дейді сарапшылар. Көптеген дамушы елдерде жұмыс аптасы 48 сағатқа созылады екен.