ERNUR.KZ. Ресейде бір тәулікте 5 642 адам коронавирус індетін жұқтырып, 51 адам қайтыс болған, деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 52 763-ке жеткен. Қайтыс болғандар - 456, ал індеттен айығып шыққандар саны - 3 873 адам.
Соңғы тіркелген науқастардың көбі Мәскеуде - 3 083 адам.
ДДСҰ соңғы мәліміетіне сәйкес әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2,7 миллионға жеткен, 170 мың адам аталған індеттен көз жұмды.