Сондай-ақ, өткен тәулікте Ресейде 8926 адамнан COVID-19 анықталған.
ERNUR.KZ. Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2722-ге жетті, деп жазады тengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, бір тәулікте елде коронавирустан 91 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Ресейде 8926 адамнан COVID-19 анықталғаны айтылады.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,7 миллионға жетті. Пандемия 188 елге тарады. 315 мыңнан аса науқас қайтыс болып, 1,7 миллион адам дерттен айыққан.
Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6440-қа жетті.