Ресейде дәмханадағы өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны артты

0
772

Кострома қаласындағы дәмханада болған өрт тұтынушылардың арасындағы жанжалдан кейін тұтанған.


Ресейде дәмханадағы өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны артты

ERNUR.KZ. Ресейдің шұғыл қызметтері келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Костромада "Полигон" дәмханасындағы өрт кезінде қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, деп жазады zakon.kz.

Кострома қаласындағы дәмханада болған өрт тұтынушылардың арасындағы жанжалдан кейін тұтанған. Дәмханаға келушілердің бірі төбелес кезінде қарсыласына қарай аспанға от ататын белгі беруші тапаншаның шүріппесін басқан, - дейді куәгерлер. От атқан адам оқиға орнынан ізін суытқан, ол қазір іздестіріліп жатыр, деп жазады "Известия" басылымы.

5 қарашада сағат 2:37-де Никитская көшесіндегі "Полигон" кафесінде өрт шықты. Қызыл жалын ғимараттың 3 500 шаршы метр аумағына тарады. 250 адам эвакуацияланды. Кейін өрт оқшауланды. Бастапқыда 5 адамның мерт болғаны хабарланған.