Ресейде коронавирус жұқтырғандар қайта көбейе бастады

0
638

Кейінгі бір тәулікте Ресейде 6760 адамнан коронавирус анықталған.


Ресейде коронавирус жұқтырғандар қайта көбейе бастады

ERNUR.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейе бастады, деп жазады azattyq.org.

Оны инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штабтың мәліметінен байқауға болады. Кейінгі бір тәулікте Ресейде 6760 адамнан коронавирус анықталған. 147 науқас қайтыс болып, 6047 адам дерттен жазылған.

Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны бұрынғыдан 566 адамға көбейген. Бұған дейін екі тәулік бойы бұл көрсеткіш төмендеп келген болатын.

Вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеу қаласы (222 871) мен Мәскеу облысында (58 193), ), Ханты-Мансийск автономиялы округінде (9485), Санкт-Петербург қаласында (24 727) және Иркутск облысында (7776) тіркелген.

Ресейде осы індеттен, федералдық штабтың мәліметі бойынша, 9683 адам өлген. Сарапшылар штаб, аймақтар мен Росстат мекемесі бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар мәлімет ұсынғанын айтады. Олар жедел статистикада өлім көрсеткіші азайтылып беріледі, кей аймақтарда бірнеше есе төмен етіп көрсетеді деп отыр.