Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 47 мыңнан асты

0
729

Соңғы тәулікте 44 науқас қайтыс болды, ал жалпы коронавирустан індет кезеңінде 405 адам көз жұмған.


Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 47 мыңнан асты

ERNUR.KZ. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейде COVID-19 жұқтырғандар саны 47 121 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 268 адамға артқан. Өткен тәулікте 155 адам, ал жалпы – 3446 адам жазылып шыққан. Соңғы тәулікте 44 науқас қайтыс болды, ал жалпы коронавирустан індет кезеңінде 405 адам көз жұмған.

Өткен тәулікте Мәскеуде ең көп адам ауру жұқтырған – 2026 адам (Ресей астанасында барлығы – 26 350 науқас), Мәскеу маңында – 578, Нижегород облысында – 113, Санкт-Петербургте - 86, Ростов облысында – 60, Мурманск облысында – 46, Шешенстан Республикасында – 45, Башқұртстан Республикасында – 45, Татарстан Республикасында – 39. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын анықтауға 2,05 млн тест жасалды.