Ресейде құймақ жеу сайысы кезінде бір қатысушы көз жұмды

0
1 611

Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.


Ресейде құймақ жеу сайысы кезінде бір қатысушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп жазады sputnik.kz.

Мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған
"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.
Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.