Ресейде ядролық реактор жарылған ауыл халқы көшіріліп жатыр

0
1 482

Ал ауылдан кетісі келмегендерге орманға бара тұруларын сұрапты.


Ресейде ядролық реактор жарылған ауыл халқы көшіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Северодвинск қаласы маңындағы Ненокс ауылының тұрғындарына 14 тамызда 2 сағатқа ауылдан кете тұру сұралған. Пойыз адамдарды таңғы сағат 4.00-де әкетеді, деп жазады Zakon.kz.

Ал ауылдан кетісі келмегендерге екі сағатқа, яғни сағат таңғы 05.00 мен 07.00 уақытында орманға бара тұруларын сұрапты. Ал Северодвинск қаласы әкімдігінің басшысы әлі еңбек демалысынан оралмаған.

Айта кетсек, бұл ауылда өткен аптада шағын габаритті ядролық реактор сынақ кезінде жарылып кеткен.

Қандай да бір сынақ жасалу мүмкіндігі туралы ресми ақпарат жоқ.

Түнде Архангельскіден Мәскеуге 10 дәрігер ұшып кетті, олар "Ненокса" жаттығу полигонында жарылыстан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер онкологиялық және биофизикалық аурулардың салдарын зерттейтін медициналық орталық орналасқан Щукинская метро станциясының маңында орналасты. Атап айтсақ, онда А.И. Бурназян атындағы федералды медициналық биофизикалық орталықтың клиникасы бар. Сол араға сынақ полигонында зардап шеккендер жеткізілген болатын.

Росатомның хабарлауынша, сынақ полигонында 5 қызметкер көз жұмып, 3 адам жараланған. Бірақ ядролық реактордың жарылуы туралы ақпаратты Ресей соңына дейін жасырын ұстады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейде ядролық реактор жарылғанын желідегі парақшасында жазды. Тіпті, атына дейін атап, түсін түстеп берді. Енді халықаралық қауымдастық ауа-райы сапасына алаңдап отырғанын да жеткізген.