​ Ресейдегі мұнай-химия зауытында жарылыс болды

0
300

Зардап шеккендер бар.


​ Ресейдегі мұнай-химия зауытында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Стерлитамакта жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, қаланы қара түтін басты, деп жазады inbusiness.kz.

Жарылыс құбырдағы жұмыстарды жүргізу кезінде болған. Өрт жалынының биіктігі шамамен 50 метрге жетті.

Апат нәтижесінде 3 адам зардап шекті — кәсіпорынның 2 газ құтқарушысы мен куәгер. Олар ауруханаға жатқызылды, деп түсіндіреді 112 ТА. Жергілікті жерде шұғыл қызметтер жұмыс істейді.