Ресейдің 74 өңірінен шошқа тұмауы анықталды

0
432

Бұған дейін ведомство тұмау және ЖРВИ жұқтырушылар көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада 23,3%-ға өскенін хабарлаған болатын.


Ресейдің 74 өңірінен шошқа тұмауы анықталды

ERNUR.KZ. Ресейде шошқа тұмауы анықталған өңірлер саны 74-ке жетті. Бұл туралы Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

29 қарашада ведомство шошқа тұмауы Ресейдің 55 аймағынан анықталғанын хабарлаған еді.

«Шошқа тұмауы РФ-ның 74 аймағынан анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін ведомство тұмау және ЖРВИ жұқтырушылар көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада 23,3%-ға өскенін хабарлаған болатын. Ресейде 72,4 миллионнан астам адам, яғни ел халқының 49,5%-ы тұмауға қарсы екпе салдырған.