"Барлық ішкі ағзасы зақымданған": Ақмола облысында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

0
471

Ер адамның құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Атбасар қаласында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресіп жатыр, деп жазады stan.kz.

Ер адамның құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның терезеге ілініп тұрғанын көруге болады. Аздан соң қолы тайып кетіп, жерге құлайды.


Дәрігерлер 34 жастағы азаматтың тірі екенін хабарлады. Бірақ жағдайы өте ауыр. Барлық ішкі ағзалары мен миы зақымданған.

Полиция тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы процессуалдық шешім қабылдау үшін белгіленеді.