Ресейдің мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

0
669

​Министр қазір үйінде, кездесулер мен келіссөздерге онлайн форматта қатысып, жиналыстарды бейнеконференция режимінде өткізуде.


Ресейдің мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Ресей мәдениет министрлігінің басшысы Ольга Любимова коронавирус жұқтырды, деп жазады sputniknews.kz.

"Ольга Любимова қашықтан жұмыс істеп жатыр. COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетті. Министр қазір үйінде, жиналыстарды бейнеконференция режимінде өткізеді, кездесулер мен келіссөздерге онлайн форматта қатысады",-деді ол.

Баспасөз хатшысының айтуынша, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Сондықтан министрді ауруханаға жатқызу туралы мәселе қозғалған жоқ.

Өткен аптада Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің де вирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы министрі Владимир Якушев те дертке шалдықты.

7 мамырдағы жағдай бойынша әлемде барлығы 3 825 150 адамда коронавирус диагнозы расталды.

Барлығы 265 118 адам қайтыс болды. 1 305 934 науқас жазылып шықты.