Ресейдің Тамбов облысында көпқабатты үйде газ жарылды

0
317

Қаза болғандар бар.


Ресейдің Тамбов облысында көпқабатты үйде газ жарылды

Фото: Видеодан кадр

ERNUR.KZ. Ресейдің Тамбов облысында көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты. Тұрғындар эвакуацияланып, өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілді, деп жазады inform.kz.

«Бүгін Кирсановск муниципалды округіндегі Кирсанов қаласы, Коммунистическая көшесі, 29 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылды. Жарылыс төртінші қабатта болды. Біз оқиға орнына барлық қажетті қызметтерді жедел жеткіздік, өрт 05:41-де толық сөндірілді», - делінген аймақ басшысы Максим Егоровтың Телеграм-каналындағы жазбасында.

Егоров сегіз адам медициналық мекемеге жеткізілгенін, бесеуі ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айтты.

Аймақ басшысы оқиға орнында барлық қажетті қызметтер жұмыс істеп, тұрғындарға тиісті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің 150 шаршы метр аумақта болғанын хабарлады.

«Коммунистическая көшесіндегі тұрғын үйдің 4 және 5-ші қабаттары зардап шекті», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында 34 маман мен 18 техника жұмыс істеді.

Көпқабатты үйдегі тұрмыстық газ жарылысынан кейін тәртіп сақшылары газ жабдығын пайдалануда заңдылықтың сақталуына тексеру ұйымдастырды.