Ресейлік әртіс Лев Лещенко сирек кездесетін қауіпті дертке шалдықты

0
273

Қазір ол мемлекет есебінен емделуде.


Ресейлік әртіс Лев Лещенко сирек кездесетін қауіпті дертке шалдықты

ERNUR.KZ. Ресейдің 82 жастағы халық әртісі Лев Лещенкодан сирек кездесетін өлімге әкелетін ауру – транстиретин амилоидозы табылды. Қазір ол мемлекет есебінен емделуде, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ТВ Центр басылымының хабарлауынша, транстиретин амилоидозы организмдегі транстиретин ақуыз генінің мутациясына байланысты пайда болады. Бұл аурумен науқас әртүрлі бұзылулар мен жүрек проблемаларын бастайды.

Бақытымызға орай, бұл ауру емделеді, бірақ оның препараты сирек кездеседі және өте қымбат. Сондықтан жақында Лев Валерианович зейнеткер ретінде құны 1,8 миллион рубль (9 миллион 535 мың 495 теңге) болатын «Виндамэкс» препаратын тегін алды.

Әнші қазір терапияның екінші курсынан өтіп жатыр. Бұл оған концерттер беруіне, бизнеспен айналысуына және тіпті әлеуметтік шараларға қатысуына кедергі болып жатқан жоқ.