Санкт-Петербургте ұшуға салынған тыйым алынып тасталды

0
517

Санкт-Петербур билігі "Кілем" жоспарын алып тастағанын хабарлады.


Санкт-Петербургте ұшуға салынған тыйым алынып тасталды

ERNUR.KZ. 8 ақпанда Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайы қала үстінде байқалған беймәлім нысанға байланысты жұмысын тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Санкт-Петербур билігі "Кілем" жоспарын алып тастағанын хабарлады. Ол жоспар бойынша қаланың аспаны 200 шақырым радиуста жабылған еді.

Жолаушыларды тіркеу тоқтатылған жоқ, алайда қалаға келген рейстер ұшу пункттеріне қайтарылды. FlightRadar қызметінің мәліметінше, Мәскеуден келген бірнеше ұшақ жарты жолдан кері айналып кеткен.

Қазіргі уақытта Санкт-Петербургте "Кілем" жоспары алынып тасталды. Қала билігі бұл шешімді әуеде белгісіз нысан туралы алғашқы хабарлардан кейін 1,5 сағаттан соң қабылдады.