​ Сауд Арабиясында су тасқыны болып жатыр

0
401

Қатты жауған бұршақ пен жаңбырдан кейін жойқын су тасқыны басталды.


​ Сауд Арабиясында су тасқыны болып жатыр

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. 20 қыркүйекте 700 мың тұрғыны бар Тайф қаласын су алды, деп жазады zakon.kz.

Қатты жауған бұршақ пен жаңбырдан кейін жойқын су тасқыны басталды.

Бірнеше күн ішінде қала көшелерін басқан су өзен құсап дүркіреп ағып жатыр. Елде қыркүйек айының басында басталған жаңбыр әлі тоқтаусыз жауып, айналаны талқандауда.

Енді Таиф қаласы табиғи апатпен бетпе-бет келуде. Қаладағы қиын жағдай, негізі, 15 қыркүйекте басталған, ал қазір жағдай бақылаудан шығып кетті.